Шымкентте індет жұқтырған 60 адам тіркелді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам&nbsp;тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59 - дегі мәлімет бойынша).</h4>

 18 Мамыр 2020 2020, 10:29
18 Мамыр 2020 2020, 10:29
1392

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59 - дегі мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан  COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 1-і Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.
Наверх