Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 polisia.kz 24 Қазан 2024 2024, 00:25
24 Қазан 2024 2024, 00:25
3762
Фото: polisia.kz

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.

Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Наверх