Шымкентте газ құбыры жарылып, 500-ден астам нысан газдан ажыратылды

24 Сәуір 2025, 23:59
375
Бөлісу:
Шымкентте газ құбыры жарылып, 500-ден астам нысан газдан ажыратылды
Фото: pixabay

Шымкент қаласында жер қазу жұмыстары кезінде экскаватор жоғары қысымды газ құбырын зақымдап, салдарынан 500-ден астам нысан газсыз қалды. Бұл туралы QazaqGaz Aimaq мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 24 сәуір күні сағат 17:55-те Алматы трассасы маңында орын алған. Экскаватор диаметрі 315 мм болатын жерасты полиэтилен газ құбырына зақым келтірген. Төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жетіп, газдың ағып кетуін тоқтату үшін құбырдағы екі клапанды жапты.

Апат салдарынан 65 көпқабатты тұрғын үй (4228 пәтер), 60 жеке тұрғын үй, 1 өнеркәсіптік кәсіпорын газдан ажыратылды.

Зақымданған аумақтың нақты көлемі топырақты аршу жұмыстары аяқталған соң анықталады.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері де оқиға орнына шақырылды.

Өзгелердің жаңалығы