Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды

23 Қараша 2025, 21:50
613
Бөлісу:
 Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласында Францияның Құрметті консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл бастама қала әкімдігі мен Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы 2025-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа консулдықтың іске қосылуы Шымкент пен Франция арасындағы дипломатиялық, экономикалық, мәдени және ғылыми байланысты нығайтуға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, өңірге инвестиция тартуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық әріптестікті кеңейтуге мүмкіндік ашады.

Консулдықтың негізгі міндеттеріне сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға қолдау көрсету, Қазақстандағы Франция азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, құжаттар (паспорттар, визалар және т.б.) алуға жәрдемдесу, француз тауарлары мен қызметтерін жергілікті нарықта ілгерілету, сондай-ақ мәдени және білім беру жобаларын ұйымдастыруға атсалысу кіреді.

Францияның Шымкенттегі Құрметті консулдығының ашылуы өңірдің халықаралық серіктестікке ашық екенін көрсетіп, қаланың жаһандық деңгейдегі мәртебесін арттыра түсетін маңызды қадам саналады.

Өзгелердің жаңалығы