Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды. Тексеру кезінде полицейлер олардан "синтетика" салынған 50 орама тауып, тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, оның координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырғаны анықталды.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: