Шымкентте екі жеңіл көлік өртенді

Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 7 Маусым 2024 2024, 16:47
7 Маусым 2024 2024, 16:47
762
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласында автокөлік бөлшектерін сататын нарықтардың бірінде автотұрақта 2 жеңіл көліктің жануы орын алды. Өрт шақыру түскен сәттен бастап 17 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ақпаратта.

ТЖМ барлық автокөлік жүргізушілерін көлік құралының сымдарының жарамдылығын үнемі тексеруді және аталмыш оқиғаларды болдырмау үшін мұқият болуға шақырады.

Наверх