Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

12 Наурыз 2024, 11:01
517
Бөлісу:
Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Шымкент қаласының бапкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот үкімімен Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт мектептерінің жаттықтырушылары бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 1 және 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді, - делінген Шымкент қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Құқық қорғау органдары мемлекет қаржысын ұрлауға қарсы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы