Шымкентте "Бекжан" базарында өрт шықты

9 Маусым 2020, 17:32
2140
Бөлісу:
Шымкентте "Бекжан" базарында өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, ағымдағы жылдың 9 маусымы сағат 15:13 шамасында Темірлан тас жолындағы "Бекжан" базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство ақпаратында.

Тілсіз жау сағат 15:43 шамасында сөндірілді. Қазір өрттің шығу салдары анықталуда

Өзгелердің жаңалығы