Шымкентте басқарма басшысының орынбасары пара алды деп күдікке ілінді

24 Қаңтар 2020, 14:03
1569
Бөлісу:
Шымкентте басқарма басшысының орынбасары пара алды деп күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. 

Шымкент қаласыың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы" ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол "Hyundai Wacortec Life" ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде, - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Өзгелердің жаңалығы