Шымкентте балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

2 Қыркүйек 2020, 12:55
2211
Бөлісу:
Шымкентте балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасына жасанды тыныс алу аппараты тарту етілді, деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған. Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар. 

Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Асар»  шағынауданындағы  балалар ауруханасы - қаладағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірідерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.
Өзгелердің жаңалығы