Шымкентте балалар арасында Кавасаки синдромы тіркелді

22 Қыркүйек 2020, 07:29
2746
Бөлісу:
Шымкентте балалар арасында Кавасаки синдромы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте балалар арасында Кавасаки синдромы тіркелді. Бұл туралы кеше қаладағы эпидемиологиялық ахуал баяндалған брифингте айтылды.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған балаларда 14 күн мен бір ай арасында жаңа синдром – Кавасаки синдромымен ұқсас көпжүйелі қабыну синдромы тіркеліп жатыр. Осыған дейін еліміздің өзге де өңірлерінде тіркелген бұл синдром үшінші мегаполиске де жетті.

Көп тіркелген жоқ. Бірлі-жарым тіркелді. Нақты санын анықтаған соң айтатын боламыз, - деді Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Забира Есенғараева.

Айта кетейік, қазір қала емханаларында тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл халықтың 12 пайызын қамту жоспарланып отыр. Вакцинациялау басталғалы 23 мыңнан астам адамға екпе егілген. Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ плюс» вакцинасының 129 мыңға жуық дозасы сатып алыныпты.


Өзгелердің жаңалығы