Шымкентте аяқ киім шығаратын кәсіпорын ашылмақ

11 Тамыз 2021, 05:45
2350
Бөлісу:
Шымкентте аяқ киім шығаратын кәсіпорын ашылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы бір жаңа кәсіпорын ашылмақ. Аймақта өткен инвестициялық штабта жаңа жоба таныстырылып, негізгі мәселелері талқыланды, деп жазды otyrar.kz

«Тараз-INTERSERCO» ЖШС аяқ киім шығаруды қолға алды. Ол үшін арнайы аймақтан 1 гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны – 400 млн теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады.

Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Штабта жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болып шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы