Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биылдың алғашқы төрт айында Шымкентте ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 74 млрд теңгеге жетті. Енді Шымкентте ауыл шаруашылығы саласы қалай дамиды, шымкенттік шаруалар мен дихандар карантинді қалай еңсеріп жатыр, ауыл шаруашылығы басқармасының алдағы жоспарлар қандай? Бұл туралы Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әбунасыр Жанбатыров баяндады.
27,6 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егілді
Биылғы көктем мезгілі коронирус пандемиясына байланысты карантин режимінде өтіп жатса да былтырғыдан тағы мың гектар артық жерге егін түсті.
Карантин егін салу уақытымен тұспа-тұс келіп қалды. Мұны көктемгі дала жұмыстары деп айтады. Бұл жұмыстар ойдағыдай өттік. Биыл 27,6 мың гектар жерге егістік егілді. Соның ішінде майлы дақылдар, азық-түлік дақылдары, мал азық дақылдары және дәнді дақылдар мен көкеніс, бақша өнімдері бар. Көктемгі дала жұмыстарының бастапқы кезеңінде қиналдық. Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі дер кезінде қолдау көрсетіп, «Қолдау» сайты арқылы блок посттарға арнайы рұқсатнама беру бағдарламасын енгізіп, Сергек базасымен интеграция жасадық. Осылайша біз шаруалардың өтінімін дер кезінде қабылдап, жүріп-тұруына рұқсат алып бердік. Карантин кезінде қаламыздағы омарташылардың да кіріп-шығу мәселесі туындады. Біз мейлінше дер кезінде осындай проблемаларды шешуге тырыстық. Олар қалаға еш кедергісіз кіріп-шығып, жұмыстарын жалғастырды. Биыл егін егуге литрі 160 теңгеден дизелдік отын берілді. Нарықтағы бағасы 174 теңге болса, жеңілдетілген бағасы содан 14 теңге төмен болды. Бұдан бөлек 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы айналым қаражаты, яғни көктемгі дала жұмыстарында егін салуға арналған тыңайтқыш, басқа да жабдықтары мен техникаларын жөндеуге берілді. Мемлекеттік қолдау ретінде тыңайтқыштарға 105 миллион теңге ақша бөлінген. Қазір тыңайтқыш себіліп бітті. Тыңайтқыш құнының 40-50 пайызына дейін субсидиялайды. Мысалы, тыңайтқыш 50 мың теңге тұратын болса, ол сізге 25-30 мың теңгеден түседі. Қалған қаржысы мемлекеттен төленеді. Жетісайлық қырыққабат сатушылардың мәселесіне Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан қолдау көрсетілді. Қырыққабаттың сатылмай қалуы – еңбекті еш еткен жағдай болды. Қаншама шаруаның маңдай тері жатыр. Бұған негізгі себеп – Ресейдегі нарықтың карантинге байланысты дер кезінде жұмыс істемей, сұраныс төмендеуі. Сұраныс болмағаннан кейін баға да өспейтіні анық. Шымкент қаласында тұрақтандыру қоры ба. "Шымкент" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Тұрақтаныру қорына сол қырыққабаттың бізге қажет мөлшерін алып жатырмыз. Қазіргі таңда осы бойынша келісімшарт жұмыстары жүргізілуде. Біздің тарапымыздан қолымыздан келгенше көмек берілуде. Карантин режимі тек қырыққабат егетін шарулар ғана емес көптеген басқа да салаларға зиянын тигізді,-дейді Әбунасыр Жанбатыров.
Шымкентте қайта өңдеу кәсібі дамып жатыр
Қазіргі таңда Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын 18 ірі жоба жоспарланыпты. Құны 2,3 млрд теңге болатын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр екен.
Жұмыс басталып кеткен. Атап айтар болсақ, қарқынды алма бағы, жылыжай кешендері бар. Біздің қаламызда өнеркәсіптік жылыжай кешендері қарқынды дамып келе жатыр, өйткені соған қажетті мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жеңілдетілген несиелер беріледі. Сонымен қатар қаламызда құс шаруашылығы жақсы дамуда. Жеміс-көкөністі қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Қала аумағында жеміс өсіретін егістік иелері аз. Дегенмен Өзбекстаннан, Түркістан облысынан, Сарығаштан, Жетісай, Түлкібас, Төлеби аудандарынан жеміс-жидек пен көкөніс әкеліп, осы жерде қайта өңдеп, соны экспортқа жөнелтеміз. Ішкі нарықты да қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асырып келеміз,-дейді маман.
Экспортты шектеуінің бағаны ұстап тұруға пайдасы тиді
Шымкенттегі диірмендер ішкі нарыққа өнім сатады және экспортқа да тауар шығарады.
Диірмендер ішкі нарықтан бөлек экспортқа жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылығы минстрлігі экспортты шектеп, квота енгізді. Бұл әрине мұндай жағдайдағы дұрыс қадам. Себебі, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – бірінші орында. Квота дегеніміз, шығаратын өніміңіз 100 пайыз болса, оның 30 пайызын ішкі нарыққа беру. Мысалы, диірмен иелері мың тонна ұн шығаратын болса, соның 300 тоннасын ішкі нарыққа беру керек. Көмек ретінде. Соның нәтижесінде, ұнның әрі бірінші сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру қорының механизмдері арқылы тұрақтандырып, қазір бағаны бір қалыпта ұстап отыр. Егер экспорт ашық болып, баға көтерілетін болса, әрине ұн, нанның бағасына тікелей әсерін тигізер еді,-дейді Әбунасыр Жанбатыров.
15 пайыз несие алсаңыз, 10 пайызын субсидиялайды
Қай-қай шаруаны да мазалайтыны – мемлекеттен берілетін субсидия мәселесі. Осы субсидия тәртібінде қандай да бір өзгерістер бар ма екен?! Ауыл шаруашылығы басқармасы маманының жауабы мынадай болды.
Екі жылдан бері Qoldau сайты жұмыс істейді. Бұл сайт шаруалардың ешқайда бармай, құжат ресімдеуі үшін қолайлы етіп жасалды. Азаматтың электронды цифрлы қолтаңбасы болса, болғаны. Әлеуметтік желі арқылы Qoldau сайтына кіреді. Сол жерде қалай өтінім беруден бастап барлық жұмыстар видео нұсқаулықпен көрсетілген. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы министрлігімен бірігіп, жасаған жобасы. Биыл бізде 3 бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 1, 8 млрд теңге қаралған. Ал жергілікті бюджеттен 6 бағдарлама бойынша 2, 4 млрд теңге қаралды. "Қарапайым заттар экономикасы" деген бағдарлама бар. Үкімет тарапынан құрылған бағдарлама. Міне, со бағдарлама Қазақстан бойынша 100 млрд теңге ауыл шаруашылығының қайта өңдеу саласына бөлінген. Биыл тағы қосымша қаржы бөлініп жатыр. Осы тұста жалпы шаруаларға айта кетейін, бізде ауыл шаруашылығы саласын қолдауға жеткілікті ақша бөлінген. Бұл жердегі ең негізгі нәрсе – пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау. Мысалы сіз кез келген банктен несие ала аласыз. Аграрлық несие корпорациясы, ҚазАгро, несие серіктестері бар. Солардың барлығынан алуға болады. Мысалы 15 пайызбен несие алсаңыз, соның 9-10 пайызын үкімет субсидиялайды. Ал шаруға 5-6 пайызы ғана қалады. Қазіргі нарықтағы банктер 20 пайызбен қаржылай несие беретінін ескерсек, бұл - үлкен жеңілдік. Егер сіз жылдармен санайтын болсаңыз, бірнеше миллион ақша кетеді. 9-10 пайыз болса, соның 10 пайызын үкімет субсидиялайды. Ал айналым қаражатын алатын болса, оның 9 пайызын үкімет субсидиялайды,-дейді маман.
Qoldau.kz сайтының қолдауы қандай?
Әбунасыр Жанбатыров айтқан "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына қатысудың бірнеше тәсілі бар.
Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының қабылдау телефон нөмірі - 24-74-78. Бұдан бөлек, Qoldau.kz сайты бар. Сол сайттан қажет ақпарат алуға болады. Атамекен ұлттық кәсіпкерлік палатасы бар. Негізгі штаб сол Атамекенде орналасқан. Үйлестіруші штаб. Олар барлығы сол жерден өнімдер жинақтайды. Банктермен жұмыс істейді. Біз өз тарапымыздан мемлекеттік субсидия бойынша көмек береміз. Ауылшаруашылық саласында 505 мың теңге тұратын жобалар көп. Соған қатысып, 505 мың теңге алып, кәсіп ашуға да болады. Осы 505 мың теңгенің грантын алғысы келетін жастарға кеңесім: ауылшаруашылық саласында пайдасы бар жобалар жеткілікті. Мысалы, қалада қоян өсіретін шаруашылық бар. Етті-терілі бағытта өсіреді. Міне, биыл Ресейге алғашқы өнімін жөнелтіп, экспорттады. Егер сол шаруашылықпен айналысам десе, олар аналық бас қоян береді. Қоян санын көбейтіп, қайта өткізуіне болады. Алматылық мамандармен бірге қала аумағында аудандарды аралап, семинар өткіздік. Премиум көкөністер өсіретін ферма бар. Сол ферма жай өспейтін, өте бағалы көкөніс сұрыптарын өсіріп, мейрамханаларға сатады. Осындай заттарды тұтынатын мейрамханалармен және Метро гипермаркетпен бірге біз семинар өткіздік. Жаңағы мейрамханаларды қамтамасыз етеді. Бұл салаға да қызығушылық танытқан адамдар баршылық. Былтыр біз күзге қарай бастадық. Биыл көктемге жоспарлаған едік, карантинге байланысты тоқтап қалды. Мұның бәрін "осындай қызықты жобалар айналысам" дейтін адамдар білгені жөн. Соған қатысуға мүмкіншілік те бар. Еңбек бағдарламасы бойынша шектеу де жоқ. -дейді Әбунасыр Жанбатыров.
21 жоба мақұлданып, несие берілген
Оның сөзінше, нарықта азық-түлікке әрдайым сұраныс бар. Сондықтан бұл салаға бейімделіп, грант алып, оқимын деген мамандар еш өкінбейді екен.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына байланысты Шымкентте жалпы сомасы 1,5 млрд теңге құрайтын 21 жоба мақұлданып, несие берілді. Соның ішіндегі 13 жобасының субсидиясын, өтінімдерін тапсырып, ары қарай жұмыс жасап жатырмыз. Қалған жобалардың құжаттарын дайындап, өтінім өткізу керек. Қайта айта кетейін, шаруа қожалықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары, барлығы айналым қаражатын алып, жеңілдетілген несие алуына болады. Банктерге, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасына немесе бізге өтінім берсе, ары қарай жалғастыруға біз дайынбыз. Біз осы бағытқа адамдарды қатысуға шақырамыз, - дейдң ол.
Жұмыстың 50 пайызы онлайнға өтті
Айтпақшы, карантин кезінде барлық дерлік мемлекеттік органдар Президенттің тапсырмасына сәйкес 50 пайыз онлайн жұмыс жүйесіне көшті.
Дегенмен жыл басында қойылған, министрлік және әкімдік тарапынан жасалған жоспарларымыз, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының арнайы бағдарламасы да бар. Бұл – онлайн жобалық офис. Әкімдіктің барлық басқармалары сонда жоспарларын енгізеді. Биыл атқаратын жұмыстар, егістік, ветеринариялық іс-шаралар, мал шарушалығындағы сырғасын түгендеу деген сияқты басқа да іс-шаралардың барлығы сол жерге енгізіледі. Ол жерде әкім барлық басқарманың жұмысын бақылап отыруға мүмкіншілігі бар. Осындай бағдарлама арқылы бүгінгі таңда тығыз жұмыс істеп жатырмыз,-дейді Әбунасыр Жанбатыров.