Шымкентте ауаны ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

Бөлісу:
Шымкентте ауаны ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
PHOTO
Фото: архив

Шымкентте қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтамай, ауаны ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтамаған 38 өндіріс орнына 284 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеріс барысында тіпті тазалау қондырғыларын қолданбайтын фабрикалар да анықталған.

Тексеру барысында көп кәсіпорында анықталатын заңбұзушылықтар: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істейтін кәсіпорындар, экологиялық кәсіпорында қосымша растау көздері көрсетілмеген кәсіпорындар, мүлдем тазалау қондырғылары орнатылмаған немесе тазалау қондырғыларын қолданбайтын кәсіпорындар бар. Осы тексеру нәтижесінде 7 кәсіпорынның жұмысын уақытша тоқтату туралы сотқа талап арыз жолданды, - деді экология департаменті басшысының орынбасары Сабыр Балыбек.

Айта кетейік, қаланың ең ірі экологиялық ластаушылары ретінде цемент өндіретін екі зауыт пен Шымкент мұнай өңдеу зауыты және жылу энерго орталығы танылды. Бұл кәсіпорындар жыл сайын ауаға шамамен 500 тонна зиянды қалдық шығарады екен. Осыған байланысты, кәсіпорындарға автоматты мониторинг жүйесін орнату міндеттелді.

Өзгелердің жаңалығы