Шымкентте ашық спорт алаңдары пайдалануға берілді

21 Тамыз 2020, 09:46
1356
Бөлісу:
Шымкентте ашық спорт алаңдары пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. 

Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. 

Спорт алаңдарына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды. Сондай-ақ, қосымша элементтер ретінде 15 жаттығу тренажеры  мен арнайы  «Street Workout»  жаттығуына арналған спорттық  құралдар  қойылды, - делінген хабарламада.  

Өзгелердің жаңалығы