Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді

2025 жылғы 5-6 желтоқсанда Шымкент қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 gov.kz 5 Желтоқсан 2025 2025, 11:00
5 Желтоқсан 2025 2025, 11:00
427
Фото: gov.kz

2025 жылғы 5-6 желтоқсанда Шымкент қаласында антитеррористік оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
Осы мақсаттарда шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы қарастырылған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы шараны түсінушілікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Наверх