Шымкентте алты автобус бағыты ашылды

2 Маусым 2021, 00:25
2273
Бөлісу:
Шымкентте алты автобус бағыты ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік 100 жаңа автобуспен толығып, қоғамдық көліктердің саны 880-ге жетті. Мегаполисте 71 бағыт болса, енді қосымша 6 бағыт ашылды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қаламыз халыққа қолайлы болу үшін қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамытамыз. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 200 іске қосылған болатын. Міне бүгін қоғамдық көлік тағы жаңа 100 автобуспен толығып отыр. Қалған автобустарды да рет-ретімен іске қосатын боламыз. Сонда қоғамдық көлік 80 пайызға жаңарады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарымызға қолайлы,  – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов қоғамдық көліктердің кілтін табыстау рәсімінде.

Сонымен қатар әкім қоғамдық көлік жүргізушілері бірінші кезекте мәдениетті болу керек екендігін атап өтті.

Енді жаңа автобустар Самал 3, Ақ жайық, Күншығыс, Хамза, Шымсити, Қайтпас 1 мөлтек аудандарына жүреді.

Өткен айда Шымкент қаласында күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылған. Алдағы уақытта күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы