Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында алғаш рет жетекші ғалымдар мен дәрігерлер арасында «Ресей Федерациясы трансплантологиясындағы актуальды сұрақтар мен Шымкенттегі жедел қызметтің дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан елінің мамандары қатысады. Онлайн форматта ұйымдастырылатын халықаралық конференция наурыз айының 3-6 күндер аралығында өтеді.
Конференция аясында үш жақты мемарандумға қол қойылады деп жоспарлануда. Ынтымақтастық туралы үш жақты келісім Ресей Федерациясы және Қазақстанның ғалымдары мен дәрігерлеріне тәжірибе алмасуға, трансплантология саласындағы жетістіктерін таныстыруға, шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін болады, – делінген баспасөз мәліметінде.