Шымкентте алдағы үш жылда тұрғындарды табиғи газбен қамту 96% құрайды

12 Желтоқсан 2019, 00:35
7332
Бөлісу:
Шымкентте алдағы үш жылда тұрғындарды табиғи газбен қамту 96% құрайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте алдағы үш жылда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 92,1%-дан 96%-ға жетеді.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, 2020 жылы қаланың қолданыстағы газ жүйесінің қысымын көтеру үшін жоғары қысымды магистралды газ құбырын және №3 АГРС-тың құрылысы басталады. Көлік инфрақұрылымының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін үш жылда 1 300 шақырым шағал тас және топырақ жолдарды асфальттау жоспарланған.

Бұдан басқа, 2020 жылы Шымкенттегі "Металлург" және "Қажымұқан" стадионы қайта жөндеуден өтеді. 2020-2021 жылдары 590 автобус алу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, депутаттарға ауыл шаруашылығын субсидиялауға 4 226 млн теңге қаралатын болады. Бұл қаражат бірінші кезекте азық-түлік тауарларының қорларын құруға және бағаларды тұрақтандыруға жұмсалмақ.

Сонымен қатар, суды тасып ішіп отырған тұрғындар мен ауызсумен жартылай қамтылған 9 елді мекендегі 28,3 мың халық толықтай сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мақсаттарға бюджеттен 3 773 млн теңге қарастырылды. 



Өзгелердің жаңалығы