Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды

22 Маусым 2023, 10:44
1029
Бөлісу:
Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Дәурен Ерғарин өзінің Facebook парақшасында растады.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр, - делінген ақпаратта.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы