Шымкентте 6 миллионға жуық жасыл желек бар

25 Ақпан 2021, 07:47
2080
Бөлісу:
Шымкентте 6 миллионға жуық жасыл желек бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент – жасыл желегі жайқалған қалаға айналады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 5 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкенттің о бастан жасыл қала болғанын еске алған қала басшысы шаһар қонақтарын бірден жылылыққа бөлейтін ауа райымен ерекше – Шымкент қаласын бақ қалаға айналдыру қажет екенін атап өтті.

Біздің есебіміз бойынша қалада 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекіттік. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егеміз. Биыл күзде бастаймыз. Қаладағы ағаш қоры екі есеге артады, – Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы 244 гектарды құрайтын 9 саябақ пен 37 гектарлық 39 гүлзар мен аллея бар. Қалада 40 гектарға жуық жерге «Шымситиден» саябақ салу, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде.

Бұдан бөлек, қалаға ауаның ластануын қадағалайтын 26 датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.

Қаланың тұрғындарға қолайлы болуы үшін оның сәулеті мен көркіне де көңіл бөлініп жатқанын айтқан әкім өткен жылы демеушілер есебінен 77 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңарғанын жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы