Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте 5-қабаттан құлаған ер адамға 5 рет ота жасалды

12 Қыркүйек 2025, 11:44
884
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
PHOTO
Фото: BAQ.KZ - архив

Шымкентте ер адам 5-қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқыс оқиға салдарынан 26 жастағы азамат жедел жәрдеммен ауыр халде, ес-түссіз қаладағы ауруханаға жеткізілген. 

Алғашқы тексеру нәтижесінде оған бірнеше ауыр диагноз қойылған. Олар - бас-ми жарақаты , бет сүйектерінің көпбөлікті сынуы, кеуде қуысы жарақаты, жамбас сүйектерінің сынуы,аяқ-қол сүйектерінің күрделі ашық сынықтары. 

Шымкентте 5-қабаттан құлаған ер адамға 5 рет ота жасалды
instagram.com/akimat_shymkent

Шұғыл түрде нейрохирургия, хирургия және травматология бөлімдерінің жоғары білікті мамандары бірігіп, науқасқа бірнеше сағатқа созылған жедел ота жасады. Дәрігерлер асқан шеберлікпен сынған сүйектерді біртіндеп жинап, қайта қалпына келтірді. Операциялардың нәтижесінде азаматтың өміріне төнген қауіп сейілді, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жалпы, науқасқа 5 күрделі ота жасалған. Алғашқы төрт операциядан кейін ол бірнеше күн жансақтау бөлімінде комада жатып, бесінші күні есін жиған. Кейін сан сүйегіне соңғы күрделі ота жасалған. 

Шымкентте 5-қабаттан құлаған ер адамға 5 рет ота жасалды
instagram.com/akimat_shymkent

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, есін жиған, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің қызметі қалпына келтірілді. Алдағы уақытта азамат толық оңалуы үшін жоспарлы түрде әрі қарай ем қабылдайтын болады. Шымкенттік дәрігерлердің кәсіби шеберлігі, үйлесімді командалық жұмысы және науқас өмірі үшін зор жауапкершілік танытуы оң нәтиже берді, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 1 жасар бала еттартқышқа арандап, қолынан айырылған еді. 

Өзгелердің жаңалығы