Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

27 Қаңтар 2023, 20:50
1071
Бөлісу:
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді. Қаңтар айынан бастап, “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен Шымкентте 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Оның ішінде  жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 4, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 151, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 121 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. 

Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 23, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 133, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 75, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 30 жүргізуші белгілі болды. 

Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 7, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 20 776 хаттама толтырылып, 455 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен 26 тәуліктің ішінде 276-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 101 жүргізуші ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы