Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халық алдындағы есепті жиында адами капиталды дамыту жөнінде баяндап, келесі ортақ мақсат – инфрақұрылым және 2021 жылы халықты сапалы ауызсумен қамтылуы туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шаһар басшысының сөзінше, қазір қаладағы 81 шағын ауданның 69-ы орталықтандырылған ауыз суға қосылған. 5 шағын аудан кестемен, 7 шағын аудан суды тасып ішеді.
Өткен жылы 17 шағын аудан және 2 магистральды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам сапалы сумен қамтылды. Нәтижесінде көрсеткіш 95 пайыздан асты.
Биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 7 елді мекенге су құбыры жүргізіледі. Осының есебінен тағы 25 мыңнан астам адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі, – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов есепті жиынында.