Шымкентте 2 жастағы баламен бірге жоғалып кеткен әйел табылды

14 Маусым 2021, 19:23
3784
Бөлісу:
Шымкентте 2 жастағы баламен бірге жоғалып кеткен әйел табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте екі жастағы баласымен жоғалып кеткен әйел табылды.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, биыл 13 маусымда Қаратау ауданының ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында сағат 18:00 шамасында 30 жастағы қызы мен екі жастағы немересі үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен. 

30 жастағы әйел жүйке жүйесі диспансерінде есепте тұрады. Бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Бұл жолы әпкесінің екі жасар баласын жетектеп кеткен. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 

Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалғандар туралы сұрастырды.

Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 14 маусым күні сағат 13:00-де полиция қызметкерлері жоғалғандарды “Қайнарбұлақ” саяжайынан адасып жүрген жерінен аман-есен тауып, үйіне жеткізді.  



Өзгелердің жаңалығы