Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы аумағында үш жақты түзілген меморандум негізінде 14 көше бойында «Сергек» жүйесі 5 қаңтардан бастап іске қосылды. «Сергек» жүйесінің бір функциясы ғана қолданылуда. Яғни автокөлік жүргізушілерінің жылдамдықты асырған фактісі ғана тіркеледі.
Бір тәулікте 224 әкімшілік құқық бұзушылықпен 3 миллион 111 мың 360 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Құқық бұзушылықтардың мекен-жайларына хабарлама барған күннен бастап 7 тәулік ішінде, салынған әкімшілік айыппұлдың 50 пайызмөлшерін төлеуге мүмкіндігі бар. Олардың өндірілгенінің барлығы мемлекет бюджетіне түседі.
Қала аумағында 2020 жылы жалпы 322 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза болып, 406 азаматтар әр түрлі дене жарақаттарын алды.
«Сергек» жүйесі қала көлемінде жол көлік оқиғасының азайтуға септігін тигізді.
Қазіргі таңда ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 320 (200 көше бойына және 120 көше қиылыстарына, 3 жыл ішінде жалпы 4000 бейне бақылау жүйесі) жерге «Сергек» жүйесін орнату жоспарлануда.
«Сергек» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарды тіркеуден бөлек, қылмысқа және басқада құқық бұзушылықтар жасаған автокөліктерді қала көлемінде жүрген немесе жүрмегендігіне көз жеткізу мүмкіндігі бар.
«Сергек» жүйесі ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамайды. Барлық уақытта бір қалыпты жағдайда жұмыс атқарады.