Шымкент тұрғыны TikTok-та жала жапқаны үшін 778 мың теңге айыппұл төледі

Жаза тағайындау кезінде кінәні мойындауы, өкінуі және кәмелетке толмаған баласының болуы жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.

 istockphoto.com Кеше 2026, 23:24
Кеше 2026, 23:24
217
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әлеуметтік желі арқылы жала жапқан азаматқа қатысты істі қарады.

Сот материалдарына сәйкес, тұрғын TikTok желісіндегі парақшасында жәбірленуші туралы оның ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін бейнеролик жариялаған. Видеода ол жәбірленушінің өзін алдағанын айтып, бұл туралы өзгелердің де білгенін қалайтынын мәлімдеген.

Сот отырысында азамат кінәсін толық мойындап, жариялаған мәліметтерінің шынайылығын дәлелдейтін айғақтары жоқ екенін айтты. Жәбірленуші құқық бұзушыны заң аясында жауапқа тартуды сұрады.

Сот құқық бұзушының кінәсі тараптардың түсініктемелерімен, фото және бейнематериалдармен, сондай-ақ сараптама қорытындысымен дәлелденгенін атап өтті.

Жаза тағайындау кезінде кінәні мойындауы, өкінуі және кәмелетке толмаған баласының болуы жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 778 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Наверх