Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды

19 Тамыз 2020, 11:19
1617
Бөлісу:
Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалған алкоголь өнімін сатқан Шымкент тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған шымкенттік ұсталды.

Цехті тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды, - деп хабарлады комитет.

Еңбекші ауданы сотының үкімімен Шымкент қаласының тұрғыны ҚР ҚК 214 бабы 1-бөлігі “Заңсыз кәсіпкерлік қызмет” және 233-бабының 2-бөлігі “Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану” бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Алынған заттарды тәркілеумен айыппұл салынды.

Көрсетілген айғақтық заттар мемлекет кірісіне айналдырылды.

Өзгелердің жаңалығы