Шымкент қаласының Спорт сарайы мемлекетке қайтарылды

Бүгiн, 12:12
108
Бөлісу:
Шымкент қаласының Спорт сарайы мемлекетке қайтарылды
Фото: Шымкент қаласының прокуратурасы

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару саласында жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қала прокуратурасының талап арызы бойынша Шымкент қаласындағы Спорт сарайы (қазіргі Мұзсарайы) мемлекетке қайтарылды.

2017 жылы Шымкент қаласының «Спорт сарайы» ЖШС-ның 67,09% үлесі жекешелендіріліп, құны 1 млрд теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.

Сонымен қатар Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды.

Спорт сарайы оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын болып саналады.

Объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының нормалары бұзылған.

Сондай-ақ 5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен жекешелендіру нәтижелері жойылды.

Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы