Шымкент қаласында 324 тұрғынға арендалық пәтер берілді

18 Қараша 2023, 13:58
705
Бөлісу:
Шымкент қаласында 324 тұрғынға  арендалық пәтер берілді
Фото: gov.kz

Шымкент қаласы халықты баспанамен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар тұрғындар баспанаға қол жеткізген.

Шымкент қаласында 324 тұрғынға  арендалық пәтер берілді

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын, көп балалы отбасыларды және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта түрлі санаттағы 324 азамат арендалық тұрғын үйге қол жеткізген. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға қосымша 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 151-і балаларға, 135-і көпбалалы отбасыларға, 219-ы әлсіз топтарға арналған,-дейді Жанат Өтебаева.

Одан бөлек жыл басынан бері 1249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, «5-20-25» бағдарламасы бойынша 701 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» бойынша 62 пәтер берілді. 2023 жылдың соңына дейін жаңа тұжырымдаға сәйкес, «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар қамтылады.

Шымкент қаласында 324 тұрғынға  арендалық пәтер берілді

Жалпы 2023 жылға 200 млн теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын тапсыру жоспарланып, төлем қабілеттілігін растаған 201 азаматқа 178,8 млн. теңге берілген.

Айтк кетейік, өтінім қабылдау әлі де жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы