Шымкенттің бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы 12 наурызда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Апаттық жағдайға байланысты бүгін "Достық", "Нұршуақ", "Солтүстік-батыс", "Солтүстік саяжай" шағын аудандарындағы 3 мыңнан аса абонент электр қуатынсыз қалды. Қазір арнайы бригада ақауды анықтап, тиісті жөндеу жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, тұрғын үйлер электр қуатына екі сағаттың ішінде қосылады деп күтілуде.