Оның үстінен шілде айында қылмыстық іс қозғалған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Айтеновтың ағасы Марат Әйтенов бұрыңғы әйелі Дана Әтешованы ұрып-соқты деп айыпталған еді. Биыл 12 шілдеде олардың арасында жанжал болған. Әтешова мен оның балаларын тұрып жатқан үйлерінен мәжбүрлеп көшіру барысында Марат Әйтенов келіншекке күш көрсеткен. Бұл оқиғаның бейнежазбасын Дана Әтешова әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Ондағы жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын іс-әрекеті үшін Әйтенов әкімшілік соттың шешімімен 5 тәулікке қамалған еді.
Одан кейін Әйтеновтың үстінен Әтешоваға күш қолдану дерегіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша алғашқы отырыс 26 шілдеде өткен. Процессте бірінші болып Әйтенов оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Содан кейін сөз Дана Әтешоваға беріліп, одан жауап алу 2 тамызда жалғасты. Қос тарапты және олардың қорғаушыларын тыңдап, істің барлық мән-жайын анықтаған сот ақыры бұл даудың нүктесін қойды.
Марат Әйтенов Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 109 бабы 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 12 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылсын. Ол сот залынан қамаққа алынсын. Өзінің жазасын Әйтенов Астана қаласында өтейтін болады – делінген үкімде.
Айта кету керек, жәбірленуші Дана Әтешованың қорғаушылары соттан Әйтеновты 25 күнге қамауды сұраған болатын.