Шымкент прокуратурасы 6 кәсіпорыннан 816 қызметкердің жалақысын өндіріп берді

<h3>Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бастап Шымкент қаласының прокуратурасы 6 кәсіпорында 816 қызметкердің 117 млн теңгеге жуық қалыптасқан жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етілді, деп мәлімдейді Шымкент қаласы&nbsp;прокуратурасының баспасөз қызметі</h3>

 18 Наурыз 2019 2019, 19:50
18 Наурыз 2019 2019, 19:50
2711

Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бастап Шымкент қаласының прокуратурасы 6 кәсіпорында 816 қызметкердің 117 млн теңгеге жуық қалыптасқан жалақы қарызының төленуі қамтамасыз етілді, деп мәлімдейді Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп жүргізген жұмыстарының нәтижесінде «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-і 66 млн теңгеге 365 қызметкердің жалақы қарызын төледі.

Бұдан бөлек, «Саудаинвест» ЖШС-нің басшысына қатысты жұмысшылардың жалақысын басқа мақсаттарға жұмсауына байланысты, толық және уақытылы төлеуді бірнеше рет кешіктіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 152-бабының 3-бөлігі), ол 12 наурыздан бастап әл-Фараби аудандық полиция басқармасының өндірісінде.

Банкроттық сараптама жұмыстарының нәтижесінде, прокурорлармен анықталған «Нарде» ЖШС-нің бірқатар мүлкі аукцион арқылы заңды тұлғаға сатылып, алынған түсім 37 жұмыскердің алдындағы 4,6 млн теңге жалақы қарызын өтеуге жұмсалды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қадағалау қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Наверх