Шымкент полицейлері тұрғыннан 47,5 келі сора тәркіледі

5 Тамыз 2022, 22:42
1061
Бөлісу:
Шымкент полицейлері тұрғыннан 47,5 келі сора тәркіледі

Шымкент полицейлері тұрғыннан 47,5 келі сора тәркіледі, деп хабарлайды,деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады.

 Ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіні ұстау және заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеу шараларына Қаратау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі №67 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің №852 экипаж қызметкерлері қатысты.

Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 47,5 келі құрайтын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігі сора тұқымына жататыны анықталды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта өтетін ақпарат, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін сотты болған.

Өзгелердің жаңалығы