Шымкентте 115 коммерциялық нысанға айыппұл салынды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша мобильдік топ құрылған.&nbsp;&nbsp;</h4>

11 Қыркүйек 2020 2020, 18:31
АВТОР
 11 Қыркүйек 2020 2020, 18:31
11 Қыркүйек 2020 2020, 18:31
1665

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша мобильдік топ құрылған.  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының хабарлауынша, жұмысшы топ аудан аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарда, әсіресе ірі сауда орындары, базарлар мен қоғамдық автокөліктерде мониторинг жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2020-09-11 at 16.28.57.jpeg

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап бүгінге дейін карантин режимін бұзған 115 коммерциялық нысанға (36 азық-түлік және азық-түліктік емес дүкен, 25 қоғамдық тамақтану орны, 11 монша, спа орталықтары, 8 компютерлік ойынхана, 7 автожуу бекеті, басқа да объектілер) хаттама толтырылып, айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында бетперделік режимді сақтамау, қолғаптар қолданбау, уақыт режимін бұзу сынды заңсыздықтар анықталды.


Наверх