Шымкент гарнизонының әскери бөлімі елордалық жас сарбаздармен толықты

20 Қазан 2021, 09:21
1458
Бөлісу:
Шымкент гарнизонының әскери бөлімі елордалық жас сарбаздармен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күзгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасына Нұр-Сұлтан қаласынан бірінші жас сарбаздар командасы барды.

Әскери оркестрдің маршымен саптық алаңда жаңадан келген сарбаздарды бөлімнің басшылығы мен жеке құрам қарсы алды. Жас толым өздері қызмет ететін бригада мен оған бағынысты бөлімшелердің басшылығымен танысып, әскери бөлімнің тарихы мен жауынгерлік жолы туралы ақпарат алды. 

Жас сарбаздардың келуіне деп әскери бөлімде барлық қажетті жағдай жасалып, құрамына тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кірген жиын әкімшілігі тағайындалды. Олар сарбаздардың жаңа жағдайларда бейімделуіне көмектесіп, әскери істің әліппесін оқытады. 

Жас сараздардың бейімделуі полигонға шығып атыс қаруынан оқу-жаттығу атыстарын орындаумен аяқталады.


Өзгелердің жаңалығы