Шымкент қаласы мен Атырау облысында соңғы тіркелген науқастар жайлы

25 Сәуір 2020, 11:33
1305
Бөлісу:
Шымкент қаласы мен Атырау облысында соңғы тіркелген науқастар жайлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Атырау облысы мен Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын соңғы жұқтырған адамдар туралы ақпарат таратты.

COVID-19 вирусын жұқтырған 10 адам Теңіз кен орнының жұмысшылары. Оның ішінде тоғызы 1996, 1992, 1983, 1992, 1993, 1980, 1979, 1970, 1960 жылдары  туған  ер адамдар, ал біреуі 1989 жылғы әйел адам. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда  науқастар  жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр - делінген хабарламада.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 98 адам анықталды. Жазылып шыққандар — 35.

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам анықталды.

Вирус жұқтырған 1996, 1993, 1967 жылы туылған ер азаматтар мен 1991,1966 жылы туылған азаматшалар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген штаб ақпаратында.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 146 адам анықталды.

Өзгелердің жаңалығы