Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті

5 Маусым 2019, 18:20
3939
Бөлісу:
Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті
PHOTO
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы әкімдігі «Ашық әкімдік» форматына сай жұмыс істеуді бастады. Осы мақсатта қалалық әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан «Халықпен қызмет» орталығында арнайы электронды кезек залы іске қосылды.   

Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті

«Ашық әкімдік» форматы халыққа қолайлы мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады.   

Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті

«Бұл жоба – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың халықпен тығыз байланыс орнатудың жаңа форматына көшу туралы тапсырмасы аясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен жүзеге асып отыр. Бірінші қабаттағы «Халықпен қызмет» орталығында тұрғындар үшін арнайы электрондық кезек залы бар. Мұнда мамандар келушілерге жер, тұрғын үй, әлеуметтік салалар және құрылыс пен жолға қатысты мәселелері бойынша кеңес алады. Оларға әкімдік қызметкерлері қажет қызметін көрсетеді. Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен банкоматтар және төлем терминалдары, арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар бар. Аталған орталық арқылы мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, басқару жүйесінің тиімділігін арттырамыз», - дейді Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов. 

Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті

Сонымен қатар, мұнда қала әкімі мен орынбасарлары тұрғындармен «Ашық диалог» форматында жұмыс жасауына арналған open space залдары құрылыпты. Сонда қала әкімінен бөлек, оның әрбір орынбасары келген азаматтарды әр апта сайын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. 

Шымкент қаласы «Ашық әкімдік» форматына өтті

«Халықпен қызмет» орталығы Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 10-үй мекенжайындағы Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы