Шымбұлақтағы қар көшкінінен бір адам қаза тапты

Бөлісу:
Шымбұлақтағы қар көшкінінен бір адам қаза тапты
Фото: shymbulak.com

Комсомол шыңы аймағында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Талғар асуында Шымбұлақ тау-шаңғы курортынан 1 шақырым жердегі тыйым салынған жерде үш адам шаңғы теуіп жүрген, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Шаңғымен төмен қарай сырғанап бара жатып олар еңісті кесіп, қар көшкінін туғызған. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалған. Зардап шеккендердің екеуі өз бетімен қардан шыға алса, үшіншісін Шымбұлақтың құтқарушылары көшкін астынан алып шықты. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін 10 наурыз күні Шымбұлақ тау шаңғысы курортында қар көшкіні жүргенін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы