Кәмелетке толмағандарға шылым сатуды шектейтін жоба іске қосылды

2 Маусым 2020, 20:59
2036
Бөлісу:
Кәмелетке толмағандарға шылым сатуды шектейтін жоба іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы "Adal nietpen" жобасының іске қосылғанын мәлімдеді. 

Жобаның негізгі міндеті - кәмелетке толмағандарға темекі және құрамында никотин бар өнімдерді (НБӨ ) сатуға тыйым салу, бөлшек сауда дүкендері сатушыларының жауапкершілігін арттыру. 

Жоба шағын сауда өкілдеріне, оның ішінде дүкендердің иелері, кассирлері мен кәмелетке толмаған тұлғалар арасындағы байланыс бола алатын барлық адамдарға бағытталған.

Біз бір қарапайым ойды жеткізгіміз келеді: кәмелетке толмағандар арасында темекі шегу мен никотинді тұтыну мәселесін шешу - ересектердің және екі есе темекі мен НБӨ сататын адамдардың жауапкершілігі. Жоба аясында біз онлайн декларацияны іске қостық, оған бірнеше рет басу арқылы қосылуға болады. Бірақ декларацияның қағидаларын түсіну және қолдану, сол арқылы басқаларға үлгі көрсету маңызды – дейді Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы Жібек Әжібаева.

Жоба аясында сайтта жеке айдар ашылды, онда бөлшек сауда өкілдері кәмелетке толмағандарға НБӨ барлық түрлерін сатуға тыйым салу туралы ерікті декларацияға қосыла алады.

Қауымдастық Кәмелетке толмағандар арасында НБӨ тұтыну мәселесі туралы мәліметтерді арттыру үшін бірқатар онлайн және оффлайн іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Олар туралы жобаның Instagram аккаунтынан немесе сайтынан білуге болады. ҚСКҚ-да әлеуметтік жауапкершілік туралы еске салу үшін мегаполистерді ғана емес, аймақтарды да қамтуды жоспарлап отыр.

Жобаның атауы - таза ниеттен қойылған. Біз сауда өкілдері өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы үшін жеке жауапкершілігін есте сақтау керектігін тағы да еске салғымыз келеді, - дейді Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Рахметов.

Жобаның серіктесі – "Алвин Маркет" зерттеу агенттігінің көмегімен - ҚСКҚ сатушылардың НБӨ  сатуға қатынасын зерттейді, оның нәтижелері жоба аяқталғаннан кейін жарияланбақ.

"Adal nietpen" жобасы "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-нің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы