«Қорғас» ШЫХО» қызметін үйлестіру тетігін құру жөнінде меморандумға қол қойылды

5 Шілде 2019, 14:32
1520
Бөлісу:
«Қорғас» ШЫХО» қызметін үйлестіру тетігін құру жөнінде меморандумға қол қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі өкілдерінің вице-министрлер деңгейінде кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Қорғас» ШЫХО-ны одан әрі дамыту, оның ішінде 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Коммерция министрлігі арасындағы «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының» қызметін үйлестіру тетігін құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов пен ҚХР Коммерция Вице-министрі Цянь Кэмин қол қойды.

Меморандумға сәйкес тараптар «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігін құру туралы уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы