7 қыркүйек күні түнгі сағат 01.00 шамасында ШҚО Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылының маңында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп бастаған, деп хабарлады BAQ.KZ.
Сарапшылардың алдын ала болжамы бойынша, өрт аумағы 35 га құрайды. Оны жоюға ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, полиция жеке құрамының 19 техникасы мен 138 адамы жұмылдырылған. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Аталған жағдайға байланысты өртті сөндіруге Ұлттық ұланнан 5518 әскери бөлімінің 200-ге жуық жауынгері жұмылдырылды. Ұландықтар дереу "Таулы үлбі" ауданындағы өртті сөндіруге аттанды.