Шығыс Қазақстандағы «Қызыл ту» мұз өткелі ашылды

21 Қаңтар 2024, 11:31
47
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандағы «Қызыл ту» мұз өткелі ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы мұз өткелі ашылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім мен Самар аудандарының арасын жалғап тұрғын «Қызыл ту» мұз өткелінде көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Құйған ауылдық округі әкімінің қаулысына сәйкес, өткелден жалпы салмағы 1,5 тоннаға дейінгі көліктер өте алады. Көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Мұз өткелінен өтер кезде көліктегі қауіпсіздік белдігін шешу керек, - делінген ақпаратта.

 

Өзгелердің жаңалығы