Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен шопандар табылды

28 Қараша 2022, 17:51
885
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда  жоғалып кеткен шопандар табылды

ШҚО ТЖД құтқарушыларына Зайсан ауданының шаруа қожалығының басшысы жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаратал ауылының маңында мал табыны жоғалып кеткен екен, оны ауа-райының қолайсыздығынан іздеуге 2 шопан аттанды. Бораннан олар жоғалып кеткен еді. ШҚО ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын "КУНГ" автокөлігімен көмекке келді. Бұл туралы altaynews.kz жазды.

Қатты аяз бен көз түрткісіз бораннан 1963 және 1983 жылы туылған жоғалған ер адамдар  іздестірілді. Солардың бірі, 1963 жылы туған ер адам "Жадыра" шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды, екіншісі өз бетімен оралды. Шопандардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес. Оларды құтқарушылар фермаға аман-есен жеткізді.

Жол бойында 25-ӨСБ құтқарушыларына тағы бір өтініш келіп түсті, "Мазда" маркалы көлікте тұрып қалған үш ер адам қар құрсауында қалып, шығарып алыңыз деп көмек сұрады. Ақсиыр учаскесіне 5 км жетпей, оларды құтқарушылар тауып, елді мекенге жеткізді.

ШҚО ТЖД бір күн бұрын дауылдың алдын алу, қатты боран мен катты аяз болатыны туралы ақпарат таратқан болатын.

ШҚО ТЖД азаматтардан қолайсыз ауа-райында елді мекендерден  кетпеуін сұрайды. Аймақта аяз бен боран жалғасуда, тауларда қар көшкіні қаупі сақталады. ТЖ қызметінің ұсынымдарына  түсіністікпен қараған жөн.

Жолдардың жай-күйі туралы Дармен мобильді қосымшасынан білуге болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Өзгелердің жаңалығы