Шығыс Қазақстанда тұрғын үйде алапат өрт болды

10 Маусым 2024, 03:26
412
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда тұрғын үйде алапат өрт болды
Фото: видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылары тұрғын үйдің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Алтай ауданында жеке тұрғын үйде шаруашылық құрылысына оттың ауысуымен шатырдың жануы орын алды. Өрттің ауданы 124 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды. 

Өзгелердің жаңалығы