Шығыс Қазақстанда сотталған 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған

20 Тамыз 2022, 17:37
1102
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда сотталған 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған
Фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысында сотталған 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ШҚО Прокуратурасында өткен жиналыс барысында сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Шараға ҚАЖ және Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Облыс аумағында 6 түзету мекемесі орналасқан. Онда 2700-ден астам сотталған адам отыр. Сондықтан бас бостандығынан айырылғандарды еңбекпен қамту мәселесі біз үшін аса өзекті, - деді облыс прокурорының орынбасары Ерлан Андабаев.

Түзету мекемелерінде құрылыс материалдарын, шлакоблоктарды, газоблоктарды, құмблоктарды, пластик терезелер, есіктер, корпустық және жұмсақ жиһаз, ағаштан жасалған бұйымдар, металл конструкциялар, тігін бұйымдары және басқа да тауарлар шығару бойынша өндірістер ұйымдастырылған. Колонияда шығарылатын өнімдердің бағасы нарықтағыдан төмен.

Қазіргі уақытта өңірдегі түрмелер жанында «Еңбек-Өскемен» РМК және 65 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Олар 1 961 сотталғанды жұмыспен қамтыған. Бұл ретте, облыс колонияларында жаңа өндірістерді ашу үшін жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден астам бос өндірістік үй-жайлар бар,  - деді Е. Андабаев.

Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бизнес өкілдерін колонияларға тартуды кеңейту, сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұлғайту және олардың өнімін өткізуге жәрдем көрсету мақсатында жан-жақты қолдау көрсету ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы