ШҚО-да ТЖМ құтқарушылары автожолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Алтай ауданында "Өскемен-Алтай" республикалық маңызы бар автожолының 66 шақырымында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қар көшкіннің қаупі бар себебінен, жабылған трассада автокөліктердің бір-бірден өткізуін ұйымдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар ҚР ТЖМ Апаттар медицина орталығының дәрігерлері кезекшілік етуде. Барлығы 40 автокөлік шамасында өткізілді. Бір күн бұрын аймақта жел мен мол жауын-шашын қар көшкіндердің өз еркімен түсуіне әкеліп соқты, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ азаматтарды қар көшкіні қаупі кезеңінде тәуекелге бел бұрмай, қар көшкіні қаупі бар учаскелерге бармауды сұрайды.