Шығыс Қазақстанда өзендерде мұз жару жұмысы жүріп жатыр

Мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды.

 ТЖМ телеграм каналы Бүгiн 2026, 02:30
Бүгiн 2026, 02:30
152
Фото: ТЖМ телеграм каналы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына қарасты Усть-Таловка ауылы маңында, Уба өзеніндегі теміржол көпірі ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында 8208 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған аумақта жару жүргізілген жерлерде өзендегі мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды.

Жүргізілген жұмыс өзеннің су өткізу қабілетін арттыруға және мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді, – деп жазылған ҚР ТЖМ хабарламасында.

Наверх