Шығыс Қазақстанда алты адам қар құрсауында қалған

Кеше, 21:43
140
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда алты адам қар құрсауында қалған
Фото: видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар алты адамды қар құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 пультіне Күршім ауданының Құйған ауылынан 5 шақырым жерде жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны және өз жолын жалғастыра алмайтыны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 адамы бар үш автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы