Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында аумағы 300 гектар жердің шөбі өртенген. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты.
«Кеше 23 қыркүйекте сағат 15:48-де өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының «Қойтас» учаскесінде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің аумағы шамамен 45 га. Сонымен қатар өрт дайындалған орамдағы шөпті (40 тонна) жойды. Сағат 20:20-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - дейді Владимир Беккер.
Оның айтуынша, өрт орнына ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан 18 қызметкер және 5 бірлік техника жеткізілген.
«Бұдан бөлек, 23 қыркүйекте сағат 18:20-да өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының «Көкбуха» учаскесінде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт аумағы шамамен 300 га. Өрт оқшауланбаған және сөндірілген жоқ. Құрбан болғандар, зардап шеккендер жоқ және елді мекендерге қауіп те жоқ», - деді комитет төрағасы.
Өртті сөндіруге ТЖД, ЖАО, "Орман шаруашылығы" КММ, "Авиа орман қорғау" ММ 90 қызметкер және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
Бұған дейін Владимир Беккер Баянауылдағы өртті толық сөндіруге жел кедергі келтіріп жатқанын айтты.